
Түркістан қаласы білім бөлімінің 14.03.2025 жылғы №41-03/1147 хатына сәйкес, 15 наурыз күні мектебіміздің физика-информатика, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына атсалысып, мектеп аумағында және сыртқы орындарда тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Игі шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру.

Акция барысында мұғалімдер мектеп ауласын тазалап, жасыл желектерді күтіп-баптады.

Мұндай іс-шаралар балаларға үлгі болып, табиғатқа деген қамқорлықты арттыратыны сөзсіз.