

Құрметті Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп ата-аналары, ұстаздары мен оқушылары!


14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл кітап оқуды сүйетін және кітапты ұнататындардың мерекесі.


Акцияда оқырмандар бір-бірімен кітап алмасады немесе бір-біріне сыйға тартады. Жаңа, қызықты, танымдық кітап оқу – кез келген адам үшін үлкен қуаныш және кітап әрқашанда ең керемет сыйлық болып қала береді.


Мектебімізде 07.02.-14.02.2025 аралығында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 14 ақпан кітап сыйлау күніне орай
«ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА!» акциясы ұйымдастырылуда.
Баршаңызды акцияға белсене қатысуға шақырамыз!