
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 9 қыркүйек күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Сергіту сәті» челленджі өткізілді.

Сергіту сәті – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшықет топтары қамтылады. Шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпына келтіру, дене бітімі бұзылуының алдын алу.

Челлендждің мақсаты:
✓ оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау.
✓ физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;
✓ оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;
✓ балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.