

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы аясында «25 қазан Республика күні» қарсаңында 23-қазан күні Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ,»Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.


«Жас Ұлан»,» Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына үздік 60 оқушы қабылданды.


Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар және мектеп парламенті президенті қатысты.


Оқушылар Қазақстан Республикасының патриоты болуға, ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын сақтауға, оқуда озат болуға ант қабылдады.


Жиында «Жас Ұлан» ұйымының әнұраны шырқалды.


Туымыз түстес галстукпен төсбелгілерді табыстау рәсімі мектеп әкімшілігі, ұстаздарына тапсырылды.


Егемендігіміз бен елдігімізді ерекше ту еткен жас өркендеріміздің алар асуы, шығар шыңы биік болғай!


Еліміздің болашағы жарқын,тұғыры биік болсын!!