Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде » Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру «Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сәйкес 18 наурыз – Ұлттық киімдер күні ұйымдастырылды.
Мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастарды ұлттық киімдер мен дәстүрлерді құрметтеуге баулу.
Ұлттық киім – ұлт рухының айнасы! Қазақ халқының ұлттық киімдері ғасырлар бойы қалыптасқан тарихымыздың, мәдениетіміздің және рухани мұрамыздың бір бөлігі. Бұл ерекше күн жастардың ұлттық сана-сезімін арттыруға, дәстүрімізді ұлықтауға бағытталды.
Баршаңызды ұлттық құндылықтарды насихаттауға және ұлттық киім кию дәстүрін қолдауға шақырамыз!
Ұлттық киімді кию- өткенді дәріптеу емес, болашаққа сеніммен қадам басу. Өз тамырыңды ұмытпа, тарихынды құрметте ,өзіңді мақтан тұт!