Перейти к содержанию

“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ»

🔰2024 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен “Мектепке жол” дәстүрлі республикалық акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз.
🔰«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» ұранымен өткізіліп отырған акция аясында Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
🔰Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
🔰Әрқашан игі істің басында жүретін, бала қуанышын бәрінен қымбат санайтын жомарт жандарды акцияға белсене қатысуға шақырамыз!
☎️☎️Акцияға қатысуға ниетті жандар төмендегі байланыс номерлеріне хабарласа алады.
📞+77763380202
📞87473836007

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *