Перейти к содержанию

МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!

МАРАПАТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!💐💐💐💐
✅️Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім » КММ-нің ұйымдастыруымен «5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне» орай «Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға» тақырыбымен өткен жалпықазақстандық ашық диктант жазуға мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысты.
✅️Мемлекеттік тілде жалпы қазақстандық ашық диктант жазудың мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
✅️Міндеттері:
— диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту;
— тарихи тұлғаларды насихаттау арқылы саналы қоғам қалыптастыруға ықпал ету;
— мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен елдің бірлігін нығайтуға ықпалын арттыру.
✅️Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткен «Қазақстан халқының Тілдері күніне» арналған жалпықазақстандық диктант жазу іс-шарасына белсенді қатысқаны үшін мектеп ұжымы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Е.Кузембаевтың атынан Алғыс хат және қаржылай сыйлықпен марапатталды.👏
🔥🔥Мектеп директоры Дилбар Абдуразакқызын және ұжымды құттықтаймыз!👏👏💐💐💐
✅️Тіл мерейін өсірудегі шығармашылық еңбектеріңіз жемісті, марапаттарыңыз құтты болсын әріптестер!!👏👏
💥💥Биіктерді бағындыра берейік!💐💐💐

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *