Перейти к содержанию

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА..

🔰🔰КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА..
🔰🔰«Мектепке жол» акциясы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып отырады.
⚜️⚜️Осы орайда 2024 жылдың 6-қыркүйек күні Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінің базасында облыстық кәсіподақ ұйымының бастамасымен «Мектепке жол » акциясы ұйымдастырылды.
⚜️⚜️Акцияға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла және Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова қатысып, бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында толағай табыс пен сәттілік тіледі. 💐💐💐
⚜️⚜️Жаңа оқу жылының қарсаңында акция аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен әлеуметтік мұқтаж топтардың балаларына, оларды мектепке дайындауға бағытталған қажет құрал – жабдықтарға толы сөмкелер табысталды.. 🌺🌺Ата-аналар мен балалар үлкен ықылас пен ризашылықтарын білдіріп, кәсіподақ жұмысының дамуы мен нығаюына тілек білдірді.
⚜️⚜️Бұл іс-шара балалар үшін де, ата-аналар үшін де үлкен қолдау, көмек болатыны сөзсіз.
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасын табады….

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *