Перейти к содержанию

ЕРЛІК САБАҒЫ-ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ..

⚜️⚜️ЕРЛІК САБАҒЫ-ЕЛДІККЕ БАСТАЙДЫ..
🔰Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 10 қыркүйек күні Кеңес Одағының батыры, қазақ елінің асыл азаматтарының асқан ерліктерін мәңгілік ұмытпас үшін, олардың жанқиярлықпен, Отан үшін сұрапыл соғыста ерліктің үлгісін көрсеткендіктерін мақтаныш ете отырып, жас ұрпақты адалдыққа, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ерлерге құрмет көрсетуге, үлгі алуға, үлгілі болуға тәрбиелеу, ерлеріміз бен батырларымызды еске алу, олардың даңқын асқақтату,тау тұлғалы батырдың өмірі мен ерлігін ұлықтау мақсатында «Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл» атты іс-шара өткізілді.
🔰Іс-шараға Түркістан облысы бойынша ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Бегимов Тұрғанбек Аширұлы, Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы полковник Нуржанов Дилмурад Абдурашидович, Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлермен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша төрағасы Дарибаев Махмуд Усенович, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова , Ауған соғысының ардагері Закир Кахарұлы Абдураимов, мектеп директоры Дилбар Абдуразакқызы Дийметова және басқа да қонақтар қатысты.
🔰Іс-шара барысында Рақымжан Қошқарбаевтың мұрағаттық видеолары және өміршең фотоларынан жасалған слайд көрсетілді.
Патриоттық өлеңдер шырқалып, оқушылар өнерлерін ортаға салды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *