
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2025 жыл 19 наурыз күні Түркістан қаласы білім бөлімінің 18.03.2025 жылғы N41-03/1207 хаты негізінде «Тағамнан ұланудың» алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқушыларға таңертеңгі астың маңыздылығы, ұсынылған мөлшерде жемістер мен көкөністерді күнделікті қабылдау, құрамында қанты бар сусындарды тұтынуды төмендету туралы мәлімет берілді.

Фаст-фудтар:гамбургерлер,ход-догтар,пиццалар,наггетстер,чипсілер,дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нанды пайдалану адам ағзасына зиянды екені түсіндірілді.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, May) болуы тиіс.

Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі.

Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет екендігі түсіндірілді.