Перейти к содержанию

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ…

⚜️⚜️АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ…
✅️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 5-сыныптардың ата-аналарына арналған балалардың салауатты өмір салтының шарты ретінде ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Бүкіл отбасы үшін сау және бүтін тағамдарды таңдау» тақырыбында сабақ өткізілді.
✅Сабақтың мақсаты:
🔸️🔹️️бүкіл отбасы үшін сау және бүтін тағамдарды таңдау;
🔸🔹️️отбасы мүшелерінің ас мәзірін дайындауға,тамақ дайындауға және өнімдерді сатып алуға қатысуы;
✅Балалардың физикалық және психикалық дамуындағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын ашу, дұрыс тамақтанбауға байланысты әртүрлі аурулар және олардың салдары туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
✅️Сабақ барысында ата-аналармен сұрақ-жауап бойынша пікірлесе отырып, жасөспірім денсаулығына пайдалы және зиянды тағамдар,тамақтану режимі, бейсаналық тамақтану туралы өз ойларымен бөлісті. Ата-аналарға бүгінгі тақырып аясында бейнероликтер көрсетілді.
✅Сынып жетекшілер сабақты қорытындылай келе, сабаққа қатысқан ата-аналарға алғысын білдірді.
Сынып жетекшілер:
Д.Саркарова
Д.Тажитдинов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *