Перейти к содержанию

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

⚜️⚜️АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ⚜️⚜️
✅️Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып ата-аналарымен “Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі” тақырыбында жиналыс өткізілді.
✅Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру.
✅Міндеттері:
👨‍👩‍👧‍👦1. Ата-аналардың баланың толыққанды ұйқысын қамтамасыз етуі үшін қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысын дамыту;
👨‍👩‍👧‍👦2. Салауатты ұйқының баланың ағзасы мен дамуына әсері және ұйқының бұзылуының теріс салдары туралы түсініктерді тереңдету;
👨‍👩‍👧‍👦3. Баланың ұйқысы пайдалы болуы үшін күн тәртібін сақтаудың нақты алгоритмін қалыптастыру.
✅️Жиналыс барысында ата-аналармен түрлі тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар “Менің балам” сергіту жаттығуы, “Ұйқының тұлғалық дамуына әсері”, “Дұрыс ұйқы ережелері” топтық жұмыстар ұйымдастырылды.
✅️Жиналыс барысында ата-аналар кері байланыс ретінде креативті идеялар ұсына білді.
✅️Жиналысқа келіп белсене қатысқан әрбір ата-анаға алғыс білдіреміз!💐💐
Жетекшілер:
З.Каримова
С.Омарова
Ш.Досметова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *