
Адалдық-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.»Адалдық» деген сөз шыншылдық,айнымастық,шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 1-10 қыркүйек күндері аралығында өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық,парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 1-11 сынып жетекшілері «Адалдық-асыл қасиет»
«Адалдық- ардың ісі» тақырыптарында бірыңғай «Адалдық сағатын» өткізді.
Сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп жұмыс жүргізді. Арнайы бейне роликтер көрсетіліп, оқушылардың пікірлері тыңдалды.