Skip to content

«ІІІ Ыбырай жазулары» облыстық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
Тіркістан қаласы білім бөліміне қарасты мектептердің педагогтарына Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 23 қазан күні «ІІІ Ыбырай жазулары» облыстық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқау мақсаты: педагогтер арасында ең алғаш қазақ даласында мектеп ашқан, орыс жазба таңбалары негізінде қазақ әліпбиін құрастырушы – Ыбырай Алтынсариннің тарихи-әдеби еңбектерін насихаттау, педагогтардың шығармашылық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту, мемлекеттік тілде оқу, жазу сауаттылығын арттыру.
Байқауға мектебіміздің ұстаздары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Биология пәні мұғалімі Аппақбаева Зулфия І орын, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Феруза ІІ орын, химия пәні мұғалімі Убайдуллаева Феруза ІІ орын, өзбек тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Исмаилова Рано ІІ орын, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Хадиев Абдулхаким ІІ орын, математика пәні мұғалімі Усенова Дилноза ІІІ орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Атаханова Гулмира ІІІ орын, физика пәні мұғалімі Маматраимова Диёра ІІІ орынды иеленді.
Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта білім беру ісінде жетістіктеріңіз мол, алар асуларыңыз көп болсын деп тілек білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *