Skip to content

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ. «Отаны бірдің – тілегі бір» атты мерекелік концерт

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ.
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол — Ұлт күні, Қазақ күні!
Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте 25 қазан – Республика күніне орай өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Отаны бірдің – тілегі бір» атты мерекелік концерт өткізілді. Елін, туған жерін сүйетін, елінің өткені мен бүгінін, тарихын тебірене де тереңдей оқып, тарихтың зерделі де шежірелі беттеріне үңілген ұландарымыз өздерінің жүректерінен шыққан ойларын әсем ән және бимен бейнеледі.
Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел — жұртын, жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін, осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды. Елімізде мәңгі тыныштық болсын! Сүйікті Отанымыз Жаңа Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *