Skip to content

«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы

Жеңіс құтты болсын!!!
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Республика күніне орай 2023жылдың 20 қазан күні Қазақстан халқы Ассамлеясының «Қазақтану» жобасы аясында этнос өкілдерінің қатысуымен «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру,мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше қызығушылық танытқан өскелең ұрпақты,түрлі этностық топтардың жастарын ынталандыру шаралары арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Осы байқауға Хамза атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Хакимжанова Мадина «Өнер алды- қызыл тіл» байқауы бойынша қатысып, өзінің дарындылығымен көзге түсіп жүлделі І орынды иеленіп, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының дипломымен марапатталды және 9-сынып оқушысы Салханова Шохсанам Алғыс хатпен марапатталды.
Шәкіртімізге алар асуларың, бағындырар белестерің көп болсын деп тілек білдіреміз.
Мектептегі әр күндерің балдай уақыт,
Өздеріңмен мақтанамыз таңдай қағып.
Білім берген шәкірттеріміз мына бүгін,
Ұстазынан озып тұрса қандай бақыт!
#Хамза_ мектебі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *