Skip to content

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар

Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде жоғары сынып білім алушыларымен 2023 жылдың 10 қазан күні Түркістан қаласының полиция басқармасының 09.10.2023 жылғы N44-13-54-30/323 хатына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуге бағытталған жиналыс өтті.
Жиналысқа қатысқандар:
1. Түркістан ҚПБ УПИ аға учаскелік инспекторы, полиция майоры И.Шадманов.
2. Түркістан ҚПБ ППБ полиция капитаны Б.Актаев.
3. Түркістан ҚПБ-ң жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Е.Тұрсын.
4. Түркістан ҚПБ УПИ учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Ш.Сламхан.
5. Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны К.Койлыбеков.
Жиналыс барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндіріп өтті.
Түнгі уақытта жүрудің жасөспірімдердің өміріне қауіпті екендігін айтып, бүгінгі таңда білім мекемелерінде, қоғамдық орындарда және сауда-саттық орындарында да бейнебақылау камералары өте көп екендігін атап айтып, қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігі жөнінде қатаң ескертілді. Соңғы уақыттарда мопедтер, скутерлер қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары жиілеп, адам қазасына ұштасқан жағдайлар туралы бейнороликтер көрсетілді.
Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру — мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *