Skip to content

Ұлағатты ұстаздар мерекесі құтты болсын!!!

Ұлағатты ұстаздар мерекесі құтты болсын!!!???
Мұғалім -мамандық,ұстаздық — қасиет. Яғни, ұстаз болу — адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артық етпейді.
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде
2023 жылдың 5 қазан күні
жас мамандардың ұйымдастыруымен «Ұстаз-мектептің жүрегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараны мектеп директоры Д.Дийметова және кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдураимов құттықтау сөзімен ашып, ұстаздар қауымына денсаулық,сарқылмас қуат тілеп, өздерінің ыстық лебіздерін білдірді.
Кәсіби мереке қарсаңында білім беру саласындағы елеулі жетістіктері мен белсенді жұмыстары үшін, білімді де білікті шәкірттер дайындауда ұзақ жылдық мінді еңбектері үшін ұстаздар қауымы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды.
Құрметті ұстаздар даналық қасиеттеріңіз таусылмасын, адал еңбекке деген ыстық көңілдеріңіз суымасын! Игі істеріңізге сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *