Skip to content

«Көк тудың желбірегені» атты жас ақындар айтысы

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты барлық жалпы білім беретін мектептер арасында тәрбиенің кешенді бағыттарын насихаттау, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің 06.09.2023 жылғы №04-1-04-2/5297 хаты, Түркістан қаласы білім бөлімінің №166 хаты негізінде және жас ақындардың өнерлерін шыңдау және дамыту мақсатында «Көк тудың желбірегені» атты жас ақындар айтысын өткізу жоспарланған.
Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні «Ақжайық» музыка мектебі, Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейі, Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің білім алушылары арасында «Туған жерім — мақтанышым» тақырыбында жас ақындар айтысы өтті.
Айтыстың мақсаты:
-Ұлттық әдебиетіміз бен өнерімізді насихаттау;
-Айтыс өнерін жас ұрпақтың санасына сіңіру;
-Жасөспірімдердің эстетикалық талғамын арттыру;
Шәкірттеріміз Сарвиноз Абдалимова, Дильнура Тахиржанова, Нозима Атаханова, Шадиана Раимжанова туған жер, тіл туралы өлеңдерін оқыды. Байтұрсынов мектеп-лицейінің оқушылары күй тартыс орындап көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.
Показать перевод

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *