Skip to content

Шахзод Розбаев және Елнур Хамитов «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» деген спорттық санатқа ие болды

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады.
Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттың адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын біз білеміз. Дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адамды шат-шадымен өмір сүруге жетелейді. Спорт — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс түрінде өтетін әрекет. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп келуде.
Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан шәкірттерімізді ылғи да мақтан тұтамыз. Осы орайда Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, 2022 жылғы 30 желтоқсандағы 188-н/қ бұйрығымен біліктілік талаптарын орындағаны үшін 10-сынып оқушысы Шахзод Розбаев және 11-сынып оқушысы Елнур Хамитов «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» деген спорттық санатқа ие болды. Жеңіс тұғырынан көрініп үлкен жетістіктерге жеткен шәкірттерімізді құттықтаймыз! Бағындырар белестерің, алар асуларың, шығар шыңдарың көп болсын деп тілек айтамыз.
Шәкірттеріміздің спорт кешеніндегі жаттықтырушысы: Улзина Адырбекова.
Мектептегі жаттықтырушылары: Марат Хамитов, Давронбек Сеитов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *