Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 4 мамыр күні сағат 11:00-де оқушылардың қатысуымен мамыр мерекелері және Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант алынды.
Диктант алудағы мақсат: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.