Skip to content

«Intellectum DD2» Директорлар дебаты атты дебат турнирі

Түркістан облысының Білім беруді дамыту орталығы 2023 жылы 28 сәуір күні мектеп директорларының арасында «Intellectum DD2» Директорлар дебаты атты дебат турнирін өткізді. Турнирдың мақсаты: Білім беру саласындағы, қрғамдағы өзекті мәселелерді талдау, шешу жолдары қарастыру, мектеп директорларының сөйлеу және ораторлық мәдениетін дамыту және толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында өз көзқарастары арқылы шешім қабылдау, құқықтық сауаттылықты мониторингтік зерттеулер негізінде пікірсайыс арқылы толығырақ насихаттау және қолдау. Турнир дебаттың Американдық парламенттік форматына сәйкес өткізілді. Турнирге қала мектептерінің намысын қорғап Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің директоры Дийметова Дильбар Абдуразакқызы, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының директоры Божкенов Мереке Шерниязович «Білім шыңы» фракциясы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын!
Дильбар апай Дийметова — білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Басшымыздың әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *