Skip to content

7-8 сынып оқушылары арасында математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндерінен мектепішілік олимпиада өткізілді.

Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 28 наурыз күні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, қалалық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, мектептегі білім берудің беделiн көтеру мақсатында 7-8 сынып оқушылары арасында математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндерінен мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға жалпы 152 оқушы қатысып, 64 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Мектебіміздің оқушылары жыл сайын қала және облыс көлемінде өткізілетін олимпидаларда жүлделі орындарды иеленіп келеді. Осындай дәстүрлі мектепішілік олимпиадалар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, түрлі білім сайыстарына қатысуға белсенділіктерін дамытады. Мектепішілік пән олимпиада қорытындысы бойынша қалалық пән олимпиадасына оқушылар іріктелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *