Skip to content

«Қызбала елдің көркі»

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 5-«Д» сыныбында «Байланыс құралын пайдалану мәдениеті», 5-«Б» сыныбында «Қызбала елдің көркі» тақырыбында профилактикалық жұмыстар өткізілді. Мақсаты: Оқу мен тәрбие процесіндегі кедергілердің алдын-алу. 5-«Д» сынып жетекшісі Муножат Маннапова, «Байланыс құралын пайдалану мәдениеті» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұялы телефонның пайдасы мен зияны тұралы сұрақ-жауап жүргізді. 5-«Б» сынып жетекшісі Севара Рисбекова «Қызбала елдің көркі» тақырыбында баяндама жасап, видеоролик ұсынып, оқушылар арасында пікір-талас жүргізді. Жиналыс соңында аналар мектебінің мүшесі Барна Юсупова өмір үзінділерінен тәжірибе бөлісе отырып, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Оқушылар жиналыстан көптеген қажетті дүниелерді алғанын айтып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *