Skip to content

Амал мерекесі, Көрісу күні.

Бүгін — Амал мерекесі, Көрісу күні.
Амал күні — өкпені кешіретін, ренішті ұмыттыратын, мейірім мен ізгілік салтанат құратын уақыт. Бірлік пен татулықтың, ізгіліктің бастауы. Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің — әз Наурыз» онкүндік мерекелік іс-шарасы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде жалғасын табуда. 14-наурыз Көрісу күніне орай мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ұстаздарды мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, жаңа жылдың басталуымен құттықтап, жақсы тілектерін білдірді. Береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын. Ұлтымыздың ұлы құндылықтары жаңғырып, жасай берсін. Жыл жемісті, берекелі, мерекелі болсын.
Наурыздағы Көрісу,
Жаңа жылдың бастауы.
Жаңа жаспен үн қатып,
Сыйластықтың растауы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *