Skip to content

«Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» еріктілер акциясы

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің — әз Наурыз!» онкүндік мерекелік жоспарына сәйкес «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» еріктілер акциясын ұйымдастырды. Іс-шара 14 наурыз көрісу күніне тұспа-тұс келуіне орай, Ауған соғысының ардагерлері И.Убайдуллаев, Қ.Қаюмовтардың үйлеріне барып, ардагерлерді жаңа жылдың басталуымен құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, көңілдерін көтеріп қайтты. Ауған соғысының ардагерлері мектеп ұжымына, оқушыларға алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі ардагерлерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет сыйластық таныту әрбір баланың міндеті.
Үлкенге құрмет кішіден,
Достарым мұны білгейсің!
Сыйлаған құрмет ісіңмен,
Өзгеге тәлім бергейсің!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *