Skip to content

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз — ана.

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз — ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділігін, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні. Осы атаулы мереке қарсаңында 07.03.2023 жылы Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде сынып жетекшілер Л.Ташметова, Д.Саркарова, Г.Мараймова және 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Аяулы аналар, арулар» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Оқушылар мектеп ұстаздары мен қыздарды, барлық әйелдер қауымын ерекше мерекелік көңіл күймен қарсы алды. Оқушыларымыз өздерінің жыр шұмақтары және өнерлерімен мектебіміздің ұстаздарына керемет көңіл күй сыйлап, көгілдір көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтап, оларға жылы лебіздерін білдірді.Қымбатты арулар! Мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілейміз. Жанарыңыз әрдайым нұр шашып, жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз көктемдей жайнасын.
Ана десем, алғыс алам халқымнан
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын.
Дүниедегі ең кемеңгер дананы.
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдыретіңе бас иіп.
Құрметтейік қасиетті ананы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *