Skip to content

«Наурыз — тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі»

«Наурыз — тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі» аясында жалпы республикалық «Таза табиғат» акциясы шеңберінде Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде ағымдағы жылдың 4 наурызында сенбілік өтті. Сенбілікке мектеп әкімшілігі, ұстаздар және кіші қызметкерлер атсалысты. Мектеп ішіндегі тазалық жұмыстарын жандандырып, ауласын көгалдандыру мақсатында қызметкерлеріміз ағаштарды әктеп, арықтарды тазалап, гүл егуге дайындық жұмыстарын жасауда белсенділік танытты. Әдемі безендірілген, тазаланған мектеп ауласы балаларды сұлулыққа, табиғат пен туған өлкеге деген махаббатқа тәрбиелейді. Мектебіміздің гүлденіп, көркейе беруіне өз үлесімізді қосу бүкіл мектеп ұжымының парызы деп білемін. Барлық жастарға айтарымыз, туған қаламызда, мектебімізде тазалық орнатайық!
Мектеп ауласын тазарту және көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *