Skip to content

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен құқықбұзушылық және оларға жасалған қылмыс динамикасына қатысты профилактикалық шаралар

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 08.02.2023 жыл 15-01-01/1332 хаты негізінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен құқықбұзушылық және оларға жасалған қылмыс динамикасына қатысты профилактикалық шараларды күшейту мақсатында Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 15 ақпан күні жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, әкелер мектебі, әжелер мектебінің мүшелері және Түркістан қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы, полиция капитаны Суйеубеков Ырысдаулет қатысып, ата-аналармен сұхбаттасып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді ортаға салды. «Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Жиналыс барысында ата-аналарға жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға бала тәрбиесінде отбасылық қадағалау жасаудың маңыздылығы түсіндіріліп, түнгі сағат 21:00-ден кейін оқушыларға көшеде, ойын-сауық орталықтарында жүруге тиым салынатындығы ескертілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері қала мектептерінде орын алған құқық бұзушылық әрекеттер туралы айта отырып, ата-аналарға келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын насихаттады. Ата-аналар тарапынан келген қонақтарға сұрақтар қойылып, ол сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *