Skip to content

«Мектептегі бір күн» жобасы

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 8 ақпан күні «Отбасы бақыт аясы» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына ашық есік күні ұйымдастырылды. Мақсаты: «Мектептегі бір күн» жобасы аясында ата-аналармен қатынасты үйлестіру, отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту. Ашық есік күніне Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Мария Зейдинқызы Ибраева және мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Азиз Байқозиев қатысты. Мектеп директоры Дильбар Абдуразаққызы Дийметова ата-аналарды ашық есік күнінің жоспарымен таныстырды. Ашық есік күніне келген ата-аналар мектеп фойесіндегі оқушылардың шығармашылық көрмесін тамашалады. Балаларының мектептегі өмірімен жақынырақ танысуға ата-аналар қызығушылық танытты. Бастауыш сынып мұғалімдері З.Каримова, Д.Османовалар «Бақытты бала-бақытты отбасы» тақырыбында тәрбие сағатын, 2-сынып жетекшілері «Мен және менің анам» сайысын, 3-сынып жетекшілері «Әжемнің ертегілері» сахналық қойылым, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ф.Атаханова, Д.Мамешов, С.Маткаримов, Т.Мамутов, С.Нематжанов, А.Юнусовтар «Толағай» отбасылық сайысын өткізді. Ата-аналар және оқушылардың қатысуымен «Талантты отбасы» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме. Мектептегі баласының бір күндік өмірімен танысу, ата-аналардың ең басты мақсаты болды. Сондықтан, сабаққа қатысқын ата-аналар ұстаздар қауымының сабақтарды жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қатты қызықтырғанын атап өтті. Ата-аналар өтілген іс-шаралардан алған әсерлерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *