Skip to content

Мир Әлішер Науаидың туғанына 582 жыл

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2023 жылдың 2 ақпан күні ұлы ойшыл, ғазал патшалығының сұлтаны Мир Әлішер Науаидың туғанына 582 жыл толуына арнап бастауыш сынып мұғалімі Б.Юсупованың ұйымдастыруымен «Алишер Навоий — мангу бархаёт» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: ұлы ғұламаның өмірі, шығармашылығына, еңбектеріне деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Әлішер Науаи – ұлтымыздың санасы мен ойлауының, көркем мәдениетінің тарихында тұтас бір дәуірді қалыптастырған ұлы тұлға, ұлттық әдебиетіміздің теңдесі жоқ өкілі, ұлтымыздың мақтанышы мен абыройын әлемге асқақтатқан өлмес сөз өнері иесі. Бұл ұлы тұлғаны әулие десек, ол-әулие, ойшыл десек, ойшылдардың ойшылы, ақын десек, ақындардың ақыны. Оқушылар ақын шығармаларынан үзінділер оқыды. «Навоий ва булбул», «Навоий ва Лутфий» сахналық көріністері көрсетілді. Науаидың ақындық маржаны әрқашан рухани дүниемізді нұрландыра берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *