Skip to content

Шәкірт жетістігі — ұстаз еңбегі.

Шәкірт жетістігі — ұстаз еңбегі. Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен балалар жылы аясында Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін шағын футболдан 5-6 сынып оқушылары арасында өткен жарыс өз мәресіне жетті. Бұл командалық жарысқа Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің 5-«В»сынып оқушысы Тораханов Азамат қатысып, үздік ойын көрсеткені үшін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Жаттықтырушысы: Даврон Даданов, мұғалімі: Феруза Ергешова. Шәкіртіміз Азамат! Шығар шыңдарың, бағындырар белестерің көп болсын! Әрқашанда тек қана жоғарыдан көрінуіңе тілектеспіз! Салауатты өмір салтын насихаттап, өсіп келе жатқан ұрпақтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап жүрген ұлағатты ұстаздарымызға шәкірттеріңіздің шығар биіктері көп болып, жүлделі орындармен қуанта берсін дейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *