Skip to content

«Тәуелсіздік тұғырым»

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде тәуелсіздіктің 31-жылдығына арналған тәрбие жоспарына сәйкес барлық сыныптарда тәуелсіздік мерекесіне «Тәуелсіздік тұғырым», «Тәуелсіздік тәңір берген тәтті сый» тақырыптары аясында сынып сағаттары өтті.
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
Бүгінде біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі — сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ. Қазақстанның егемендігі, еркіндігі, азаттығы жасай берсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *