Skip to content

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы»

Бүгін 2022 жылдың 14 желтоқсан күні қаламыздағы Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығы мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбындағы ісшара болып өтті.
Ісшарада білім саласында қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты еңбегімен білім беру саласындағы мүлтіксіз атқарған қызметі үшін Түркістан облысы бойынша мұғалімдер марапатталды. Мұғалімдерді марапаттау және құттықтау үшін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі төрағасы Жандос Шайдулла Тәуелсіздік мерекесіне құттықтау сөзін сөйлеп, ұстаздар қауымын марапаттады.
Марапатталған мұғалімдер арасында Түркістан қаласындағы тарихы терең Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп ұстаздары да марапатталды. Олар: мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дилрабо Зайнитдинова «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, математика пәні мұғалімі Бустан Усманова мен қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Стамкуловалар Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хаты» мен марапатталды.
Біз де бұл ұстаздарымызды алған марапаттарымен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жас ұрпақты тәрбиелеуде қажымас қайрат пен мол табыстар тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *