Skip to content

«Еліміздің еркіндігі — Тәуелсіздік!»

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Еліміздің еркіндігі — Тәуелсіздік!» тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушыларды өз елінің тарихын білуге, Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға деген құрмет көрсету, туған еліне деген патриоттық сезімін ояту. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 31 жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті болып халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *