Skip to content

«Кітап-өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам»

«Кітап-өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам» деген даналардан қалған нақыл бекер айтылмаған. Бала болашағының жарқын болуы үшін шәкірт жүрегіне ізгіліктің шамшырағын жағу –ұлағатты ұстаздардың еншісіндегі өнегелі іс.
Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2022 жылы 8 желтоқсан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашылары И.Ниязметова, М.Бухарова, өзбек тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Р.Исмаилова, Н.Юлдашевалардың ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында «Китобдан дилим яйрар» тақырыбында әдеби кеш болып өтті. Іс-шараның мақсаты: Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету .Кітаптің адам өміріндегі маңызын түсіндіру,білім алушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншіліктерін,оқу мәдениеті мен белсенділігін арттыру.
Оқушылар кітап оқудың маңызын «Кел, достар кітап оқиық», «Кітап тарихы» атты сахналық қойылыммен әдемі жеткізе білді.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ендеше осы қазынамыз ортаймасын. Шәкірттерімізге біліммен шықсын атыңыз, бәріңіз кітап оқыңыз деп тілек білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *