Skip to content

«Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге»

Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ. Кітап оқу — білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын. Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, «Жалпыұлттық дебаттық қозғалысы» жобасын іске асыру мақсатында 28 қараша күні «Жастардың кітап оқуға ынтасы неге төмен?» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайысқа «Тек қана алға» және «Заман біздікі» фракциялары қатысты. Әр топ өзінің айтып отырған аргументтерін фактілермен дәлелдеді. Пікірсайысшылар өздерінің ораторлық қабілеттерімен, дәлелді сөздермен ойынды қызықты өткізді. Нәтижесінде «Тек қана алға» фракциясы жеңіске жетті. «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге», деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай, ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба ала тынымызды ұмытпайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *