Skip to content

«Жалпыұлттық дебаттық қозғалысы»

«Жалпыұлттық дебаттық қозғалысы» жобасын іске асыру мақсатында Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 22 қараша күні «Жалын» дебат клубының мүшелері 8-сынып оқушыларына «Дебат — ұрыс алаңы емес» тақырыбында тренинг өткізілді. 9-«Г» сынып оқушы Азамхан Индира дебаттың мақсатын, негізгі бағыттарын, спикерлердің міндетерін, дебат құрылымын, жалпы дебат туралы толық түсіндірді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзін-өзі басқару, білім беру процесін демократияландыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру және бар мәселені бірлесіп шешу сияқты салаларда пікірсайыстың оң ықпалы бар екенін айтып, дебатқа қолдау білдіріп жүр. Дебат жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *