Skip to content

Білектей арқасында өрген бұрым

Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын… — деп, Абай атамыз жырлағандай, қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтім жасап өсіруге мән бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу мақсатында Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебініде 11 қараша күні 8-10 сынып қыздары арасында «Бұрымды қыз» байқауы өтті. Сайыстың аты айтып тұрғандай, қатысушылар өзін таныстыру, шаш ұзындығы, күтімі, сәнді өрімдер, видеороликтер бойынша жарысты. Байқау нәтижесінде, қазылар алқасының шешімі бойынша 8-«Б» сынып оқушысы Сайдахметова Сарвиноз бас жүлдеге ие болды. Сайысқа қатысқан барлық қыздарымызға «Сәнді шаш», «Қолаң шаш», «Сұлу шаш», «Мықты шаш», «Жібектей шаш», «Сүмбіл шаш» номинациялары табысталды. Бұрымы ұзын қыздарымыз сыйлықтар, мақтау қағаздарымен марапатталды. Болашақта қыздарымыздың бойында инабаттылық, киім киісі, жүріс-тұрысы, шаш күтімі мен ұзын шашқа деген, соның ішінде бұрымға деген көзқарастарына бағыт-бағдар беру біздің міндетіміз. Мұндай байқаулар жыл сайын ұйымдастырылатын болса, қыздарымызды жинақылық пен тазалыққа, әдептілікке баули түсеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *