Skip to content

«Балалар мен жасөспірімдердің сөз және мінез-құлық мәдениеті»

Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде қала әкімшілігінің келісімімен жасалған кесте бойынша «Балалар мен жасөспірімдердің сөз және мінез-құлық мәдениеті» айдарында кездесу кеші болып өтті. Іс-шараға Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі — Ырысбек Абдужаппаров, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің социологы Динара Нысанбаева және «Яссы» секторы, әлеуметтік саланың жетекші маманы Асқарбаева Бибігүл Сатыбалдықызы қатысты. Кездесу барысында тақырып аясында сөйлеу мәдениеті, мінез–құлық әдебі жайында баяндама жасалынды. Мектептің педагог-психологы С.Мирзаметова мінез-құлық, тәрбие тақырыбында тренингтер ұйымдастырды. Кездесу қонақтары да қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі, маңызы төңірегінде білім алушылармен диалог құрып, өнегелі де еркін әңгіме өрбітті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *