

МЕКТЕП АСХАНАСЫНА БРАКЕРАЖ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМ МҮШЕЛЕРІ КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ…

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Міндетті білім қорынан» 1-4 сыныптардан жалпы 612 оқушы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысының негізінде 5-7 сыныптардан 30 оқушы, мектеп бойынша жалпы саны 642 білім алушы бір мезгіл мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтылуда.

Оқушылардың асханаға кіру кестесі жасалынған, кезекшілік түзілген, тамақтың сапасы мен мектеп асханасының тазалығы бракераж комиссиясы тарапынан ай сайын зерделенеді. Оқушылар үшін ыстық тамақ алдын ала бекітілген ас мәзіріне сәйкес келісілген мәзірмен дайындалады.

2025 жылдың 19 наурыз күні мектебіміздің бракераждық комиссия мүшелері мектеп асханасының жай-күйімен танысты.

Асхана қоймасындағы әкелінген азық-түліктер талапқа сай қойылған. Сақтау мерзімі жазылған, барлық тағамдар тоңазытқыш және арнайы қоймада сақталған. Ыдыс-аяқтары жеткілікті, таза талапқа сай. Күнде тамақтан сынамалар алынып, 1 тәулік сақталады.

Еліміздің болашағы жас жеткіншектерге берілетін күнделікті тағамның сапасымен, асхананың санитарлық жағдайымен танысып, бракераждық комиссия мүшелері жүйеленген жұмысты көріп өздерінің оң бағасын берді.