Skip to content

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, түрлі ұлт өкілдерінің достастығын, ынтымақтастығын нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 29 сәуір күні ұйымдастырылған «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік кешке Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің «Жұлдызшалар» және «Табассум» бишелер тобы қатысып, өздерінің ұлттық биімен көрермендер көңілінен шықты. Шара соңында өнерпаз оқушыларымыздың жетекшілеріне кітапхана директорының арнайы алғыс хаты табысталды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулығы әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Fikr bildirish

Email manzilingiz chop etilmaydi. Majburiy bandlar * bilan belgilangan