Skip to content

Спорт денсаулық кепілі.

Спорт денсаулық кепілі. Мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушыларды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, бос уақыттарын тиімді пайдалану, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ұлттық мектеп лигасы» ұйымдастырылып келеді. «Ұлттық мектеп лигасы» жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 10 түрі бойынша өтеді. «Ұлттық мектеп лигасы» аясында волейболдан мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ойынға Хамза …

МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ.

МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ. Мамандық таңдау және ЖОО-на түсу бойынша 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 28 қараша күні Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қызмектерлері мектеп бітіруші түлектердің ЖОО-на түсуге қатысты кәсіби бағдар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шарада бітіруші түлектерге университет өміріне байланысты бейнероликтер көрсетілді. …

«Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы

«Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде “Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер” жобасы аясында мектептің өзін-өзі басқару ұйымы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты: Жас ұрпақ санасында ата-бабаларымыздың мәңгілік мұрасын, баға жетпес қазынасын – мақал-мәтелдерді дәріптеу. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық мұралар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тапқырлыққа, …

«Күз аруы – 2023! Сәнді қыз бен мәнді математика» атты сыныптан тыс іс шара өткізілді

Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 9 сынып оқушылары арасында математика пән мұғалімі Турсунбаева Шахнозаның ұйымдастыруымен «Күз аруы – 2023! Сәнді қыз бен мәнді математика» атты сыныптан тыс іс шара өткізілді. Мақсаты: түрлі жаттығулар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, ойын арқылы қызығушылықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, өмірдің өзі математикаға толы екеніне …

Ыстық тамақ ас мәзіріне сай берілуде.

«Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жалпыға міндетті білім беру қоры» есебінен күнделікті мектептің білім алушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ыстық тамақ ас мәзіріне сай берілуде. 23.11.2023жыл.

17 қараша күні «Асық ату» челленджі өткізілді.

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Тоғыз айға 9 іс-шара» жобасы аясында 2023жылдың 17 қараша күні «Асық ату» челленджі өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін,эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. Ұлттық ойындардың бірі – асық ойыны баланың ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын …

«15 қараша -Ұлттық валюта күніне» орай «Ұлттық теңге-мақтанышымыз» тақырыбында тәрбие сағаттары

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы, «Жеткіншектің жеті жарғысы»жобасы аясында сынып жетекшілер «15 қараша -Ұлттық валюта күніне» орай «Ұлттық теңге-мақтанышымыз» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. Ұлттық валюта теңге күні Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Осыдан 30 жыл бұрын 15 қараша күні еліміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді. …

Ыстық тамақ ас мәзіріне сай берілуде.

13.11.2023 жыл. «Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жалпыға міндетті білім беру қоры» есебінен күнделікті мектеп оқушылары бір мезгіл ыстықпен қамтамасыз етілген. Ыстық тамақ ас мәзіріне сай берілуде.

АПТАЛЫҚ ЛЕЗДЕМЕ- “30 ПАТРИОТТЫҚ ӘН” ЖОБАСЫ

АПТАЛЫҚ ЛЕЗДЕМЕ “30 ПАТРИОТТЫҚ ӘН” ЖОБАСЫ Мектебімізде 10 қараша күні мектеп оқушыларымен лездеме өткізілді. Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу, патриоттық әндерді үйрету, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту мақсатында “30 патриоттық ән” жобасы аясында әр сыныпқа белгіленген тақырып бойынша апталық лездемеде патриоттық ән …