Skip to content

«Болашаққа жол өзіңнен басталады» тақырыбында педагог-психологтардың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар

Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде Тәуелсіздіктің 32 жылдық мерей тойына арналған «Болашаққа жол өзіңнен басталады» тақырыбында педагог-психологтардың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шаралар. Мақсаты: балалардың бойына Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің дамуы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік туралы мағлумат бере отырып оқушыларға рухани қолдау көрсету.  

Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, халық қаһарманы генерал-лейтенант Б. Ертаевтың атынан кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла және бірлестіктің маманы Абдураимов Бахтияр Кахарұлы марапатталды.

Түркістан облысы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегимов Тұрғанбек Әшірұлы және бірлестіктің мүшелері Жантілек Жақсылық Ташенұлы, Абдураимов Закир Кахарұлы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымына 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай арнайы құттықтауға келді. Ардагерлер кеңесінің мүшелері Түркістан қаласының білім саласында еңбек етуде. Бірлестік мүшелерінің ұсынысымен және …

«Жалпыға міндетті білім беру қоры» есебінен күнделікті мектеп оқушылары бір мезгіл ыстықпен қамтамасыз етілген.

07.12.2023жыл. «Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жалпыға міндетті білім беру қоры» есебінен күнделікті мектеп оқушылары бір мезгіл ыстықпен қамтамасыз етілген. Ыстық тамақ ас мәзіріне сай берілуде.  

«БЕС НӘРСЕГЕ АСЫҚ БОЛ…»

«БЕС НӘРСЕГЕ АСЫҚ БОЛ…» Түркістан қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, мектеп оқушыларын Қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу мақсатында «Бес нәрсеге асық бол» (Жеткіншектің жеті жарғысы) тақырыбында қалалық байқау өткізілді.Байқауға Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып білім алушысы Абдалимова Сарвиноз қатысып, жүлделі І-орынмен марапатталды. Құттықтаймыз!!! Шәкірттеріміздің әрқашан …

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік құттықтауы…

Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік құттықтауы… #Біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #gani…. Ещё

Тарих және география пәндерінің апталығы

Өткен тарихымыздағы халқымыздың кешкен қиындықтары мен бейбіт күн үшін күрескен ерліктері мен еңбектерін бүгінгі ұрпаққа жеткізуде, олардың саналы азамат болып өсуіне үлес қосуда ұстаздардың еңбегі зор. Осы мақсатта Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде тәуелсіздік қарсаңында желтоқсан айының 4-15 күндері аралығында тарих және география пәндерінің апталығы жоспарланып, ашылу салтанаты өткізілді. пәндерінің апталығы жоспарланып, ашылу …

«Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыбында тәрбие сағаты

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық іс шара жоспарына сәйкес 4- желтоқсан күні сынып жетекшілер «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, …

«Зорлық-зомбылықтан қорғау-ардың ісі» тақырыбында дөңгелек үстел

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16күн» Республикалық науқанының іс-шара жоспарына сәйкес, 9-10 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылықтан қорғау-ардың ісі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мектебіміздің құқық және тарих пәні мұғалімдері А.Махметов, А.Диметов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары З.Гафурова, А.Мамедов, педагог-психолог З.Анарбаевтар қатысты. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның …

«Деректерді сұрыптау» тақырыбында ашық сабақ

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы жалпы білім беретін мектебінде 20.11-01.12. күндері аралығында «Физика және Информатика» апталығы жоспарланды. Апталықтың мақсаты: физика және информатика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Апталық барысында 28 қараша күні 9-«А» сыныбында информатика пәнінен Шахриёр Каримов …

«Құқықтық тәртіп» жедел- профилактикалык іс шара

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 29 қараша күні «Құқықтық тәртіп» жедел- профилактикалык іс шара барысында Түркістан облысының полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері, полиция полполковнигі Қапанов Жандос Сеитханович және Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны, мектеп инспекторы Қуаныш Қойлыбековтың қатысуымен «Құқықтық тәртіп» тақырыбында …