Skip to content

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегім»

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдыретті сөз. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 15 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада мектеп директоры Д.Дийметова және мектептің …

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесіне орай оқушылар арасында шахматты насихаттау

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесіне орай оқушылар арасында шахматты насихаттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Д.Сеитов, А.Юнусов, Т.Мамутовтар 2-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шахмат жарысын ұйымдастырды. Жарыс нәтижесі бойынша 8-«Б»сынып оқушысы Ж.Алиханов I орын, 8-«Д»сынып оқушысы А.Маматкаримов …

«Тәуелсіздік тұғырым»

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде тәуелсіздіктің 31-жылдығына арналған тәрбие жоспарына сәйкес барлық сыныптарда тәуелсіздік мерекесіне «Тәуелсіздік тұғырым», «Тәуелсіздік тәңір берген тәтті сый» тақырыптары аясында сынып сағаттары өтті. Елім бар да мен бақытты ұланмын. Елім сүйсе, сенімінен шығармын. Елім менің көтермесе елдігін Намысымның биігінен құлармын. Бүгінде біз дербес …

«Тәуелсіздік туы желбірейді»

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Тәуелсіздік туы желбірейді» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Тәрбиелік маңызы зор шара болашақ ұрпақтың бойында шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамытып, олардың сыни тұрғыдан және креативті ойлау мүмкіндіктерін арттырады. Пікірсайысқа «Алға» және «Сұңқар» фракциялары қатысып, берілген қарар бойынша пікірталастырды. Пікірсайыс қорытындысы бойынша «Сұңқар» фракциясы жеңімпаз атанды. Пікірсайыс жанды қарым-қатынас, әділ ойын және өзара …

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы»

Бүгін 2022 жылдың 14 желтоқсан күні қаламыздағы Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығы мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбындағы ісшара болып өтті. Ісшарада білім саласында қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты еңбегімен білім беру саласындағы мүлтіксіз атқарған қызметі үшін Түркістан …

«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік!»

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік!» тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды өз елінің тарихын білуге, Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға деген құрмет көрсету, туған еліне деген патриоттық сезімін ояту. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, …

«Китобдан дилим яйрар»

«Кітап – өмірдің ең алыс және қараңғы жолдарында жарық беретін шам» деген даналардан қалған нақыл бекер айтылмаған. Бала болашағының жарқын болуы үшін шәкірт жүрегіне ізгіліктің шамшырағын жағу – ұлағатты ұстаздардың еншісіндегі өнегелі іс. Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2022 жылы 8 желтоқсан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашылары И.Ниязметова, М.Бухарова, өзбек тілі …

«Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан»

Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, іскерлік, ибалылық, сыпайылық шеберлік негізінде тәрбиелеуге, әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақсатында, 9 желтоқсан күні 8-сынып қыздарына «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Гафурова, педагог-психолог С.Мирзаметова, аналар мектебінің төрайымы Г.Юлдашева және …

«Иллюзиялық шоу»

12 желтоқсан күні мектебімізге Шымкент қаласынан «Иллюзиялық шоу» келді. Шоу бағдарламасында ерекше таңғалдырарлық сиқырлар көрсетілді. Балалардың көңіл-күйін көтеріп, түрлі эмоцияларға бөледі. Шоу бағдарлама өте қызықты өтті. #Хамза_ЖОМ

«Ұлы Дала елі» мұражайына саяхат

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде тарих-география пәндері айлығы аясында тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Махметов Айбек 9-б сынып оқушыларымен «Ұлы Дала елі» мұражайына саяхатқа шықты. Оқушылар ондағы мәдени мұраларды, тарихи тұлғаларды, 9 экспозициялық аймақтарды тамашалап қайтты.