Skip to content

«ЕҢБЕКТЕН-ЗЕЙНЕТКЕ «

«ЕҢБЕКТЕН-ЗЕЙНЕТКЕ «
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы жалпы білім беретін мектебінің ардақты ұстазы Хусан Убайдуллаев ағайымызды зейнет жасына толуымен құттықтаймыз!💐💐💐
Шәкірттердің сезінумен арманын,
Ойлайтұғын білім-ғылым салмағын.
Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз,
Әріптестің 63 ке толғанын….
Саналы ғұмырының қырық жылға жуық уақытын педагогика саласына арнап, өскелең ұрпаққа өзбек тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, ұлт болашақтарын тәрбиеледі. Хусан ағай өзінің еңбекқорлығы, ізденімпаз, ақжарқын пейілімен әріптестерінің ортасында құрметке ие.
Хусан ағай Убайдуллаевты жоғары деңгейде салтанатты шарамен шығарып салу жиыны өтті. Іс-шарада ұлағатты ұстаздың еңбек жолындағы әрбір сәттері бейнеленіп,ақ тілек лебіздермен жалғасты.
Мектеп директоры Дилбар Дийметова және мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы Бахтияр Абдураимов құттықтап, зейнеткер ұстазымыздың жас ұрпаққа сапалы білім беруде аянбай еңбек еткенін тілге тиек етіп, зор денсаулық пен баянды өмір тілеп, сый-құрмет көрсетті.
Өз кәсібінің шебері ,ұжым арасында беделге ие,тәжірибесі мол ,өнегелі істерімен көзге түскен ұстазды әріптестерінен бөлек ағайын-туыстары,бауырлары,сіңлілері,отбасы мүшелері құттықтап,кештің көркін қыздыра түсті.
💥💥💥💥Ардақты ұстаз, еңбектің зейнетін көріңіз!
Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа,отбасы-Отанда, ұл-қыздарыңыздың ортасында балқыған бақытқа толсын !
Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған ағайымызбен ұжымымыз қимай қоштасты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған