Skip to content

Үлкендер жолы ұлылық,

#Үлкендер жолы ұлылық,
Ұрпағы жүрер ұғынып….
Ұстаз болу-адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.
Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыз. Ол – ҰСТАЗ. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұсынысымен білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алғыс хатын табыстау мақсатында Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде «Ардагер ұстазға құрмет» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шараға Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Қолдасова Оразкүл Шайхықызы, Қазақстан Республикасының «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының» Түркістан қалалық кеңесінің төрайымы Турманова Диана Абайқызы, мектеп директоры Дийметова Дилбар Абдуразакқызы, кәсіподақ төрағасы Абдураимов Бахтияр Кахарұлы қатысып, ардагер ұстаздарға білім саласына қосқан айрықша үлестері үшін алғыстарын білдіріп, сыйлықтар табыстады. Көңілді кеш өнерпаз мұғалімдеріміздің концертіне ұласты.
Ардагер ұстаздарымыздың еңбек жолы көпке үлгі-өнеге. Ұстаздық тәжірибесінде мыңдаған шәкірттерді білім баспалдағымен шыңға өрлеткен парасатты ұстаздар атынан З.Мухамеджанов, Г.Мирзаметова, Т.Кудретова, С.Турабекова сөз алып, өз ризашылықтарын білдіріп, жүрек жарды лебіздерін жеткізді.
Құрметті ардагер ұстаздар!
Баршаларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Білім беру ісіне қосқан үлестеріңіз еселене берсін!
Марапаттарыңыз құтты болсын!!! 💐💐💐
Келешекте осы дәстүр жалғасын тауып, үлкенге ізет, кішіге құрмет көретілсе нұр үстіне нұр болар еді…..

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған