Skip to content

Мейірімділік_-_жылы_жүректен.

Мейірімділік_-_жылы_жүректен.
Адам баласының жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік, мейірімділік. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол үшін беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Осы орайда 2023 жылдың 27 желтоқсан күні мектебімізде «Мейірімділік – жылы жүректен» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: балалардың санасына мейіріміділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту болып табылады.
Іс-шараға Түркістан облысында «Шұғылалы таң» атты қоғамдық қор құрылтайшысы, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы әжелер алқасы төрайымының орынбасары Орманова Дана Садыққызы және Оразкүл Утегенова қатысты.
Жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген басшымыз Дильбар Дийметова жиынды ашып, жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Жиын соңында балаларға сыйлықтар таратылып, талантты шәкірттеріміз әннен шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды.
Бүгінгі шараға демеушілік жасаған «LamCity» фирмасына мектеп ұжымы атынан өз алғысымызды білдіреміз.
Бір-бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейіріміміз сарқылмасын! Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған