Skip to content

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын…….

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын…….
Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелуі, ардақталуы- тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Жақсылық жасау – имандылықтың парасаттылықтың айқын көрінісі,үлкен адамгершіліктің белгісі.
Осы тұста түрлі бағыттағы қайырымдылық қорларының қоғамдағы үлесі зор. Түркістан облысында «Шұғылалы таң» атты қоғамдық қор құрылтайшысы ,Түркістан қаласының құрметті азаматы, Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесі жанындағы Әжелер алқасы төрайымының орынбасары Орманова Дана Садыққызы туралы айтқымыз келеді.
Дана Садыққызы асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерге толы жан. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей әрдайым мұғалімдердің кішкентай болса да жетістігін бағалай білуі бұл кісінің басты қасиеті. Біздің мектебіміздің жетістігін, ұстаздарымыздың еңбегін бағалауы біз үшін үлкен құрмет.
«Жақсылық отқа күймес, суға батпас, Гауһар тас жарық қылмай жерде жатпас, деп Майлықожа айтқандай, мектепте ерекше балалармен ерекше жұмыс жасап, оларға үнемі қамқорлық пен қолдау көрсетіп жүрген педагог-психолог Анарбаев Зафар Закирұлын Республикалық «EL QURMETI» қоғамдық қорының атынан «Ерен еңбек иесі» «Ел құрметі» төсбелгісімен марапаттауы біз үшін үлкен қуаныш. Еңбектің еленгені қандай жақсы!
Адам еңбегін елеусіз қалдырмаған Дана Садыққызына ұжым атынан алғыс айтамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған