Skip to content

Хамза мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрімен кездесті.

Хамза мектебінің ұжымы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрімен кездесті.
2023жылдың 23 желтоқсан күні тарихы терең білім ордамызға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Васильевна Жұмаділдаева мектеп ұжымымен кездесуге келді.
Кездесуге Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла, мектебіміздің түлегі, Ауған соғысының ардагері Закир Кахарұлы Абдураимовтар қатысты.
Кездесу барысында мектеп директоры Дильбар Дийметова мектептің тарихы, тыныс тіршілігі, оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар және 105 жылдық тарихы бар мектептің музейімен таныстырды.
«Ұлт болашағы қазіргі жастарға, олардың бәсекеге қабілетті болуына, біліміне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда мемлекет педагогтердің мәртебесін көтеру, балалар үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру үшін қажетті шаралар қабылдауда.Біздің міндетіміз-әр балаға сапалы білім және тәрбие беру. Сол себепті сіз бен біз болып атсалыссақ, бірлесе оң нәтижеге жететінімізге сенімдімін «,-деп атап өтті Наталья Жұмаділдаева.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде тынымсыз еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстазымыз Юлдашева Гульбахар Абибуллақызына «Еңбек ардагері «төсбелгісін табыстады.
⚜️⚜️⚜️Құрметті Наталья Жұмаділдаева!
Қарбалас жұмысыңыз көп болса да уақыт бөліп мектеп ұжымымен кездесуге келіп,ерекше шабыт сыйлағаныңыз үшін ризашылық білдіреміз.Жауапты қызметіңізде сәттілік серік болып, халықтың құрметіне бөлене беріңіз!
⚜️⚜️⚜️Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз-деп ғұлама Әл-Фараби атамыз айтқандай бүгінгі кездесуге алтын уақыттарын бөліп келген білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызына, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла мырзаға ұжым атынан өз алғысымызды білдіреміз.
Мектебіміз заман талабына сай күннен күнге алға қарай ілгерілеп келеді.Мектебіміздің алдына қойған мақсаты да, талабы да бір.Ол балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Осы істерді ұйымдастырып,өзінің бар күш жігерін,тәжірибесін жинап,ұжыммен бірлікті, ынтымақтастықты жоғары дәрежеде ұстап,үлкен құрметке ие болып жүрген басшымыз Дийметова Дильбар Абдуразаққызы, кәсіподақ ұйымының төрағасы Бахтияр Кахарұлы Абдураимовтың және ұстаздарымыздың жүйелі жұмыс жасауында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған